Қазақстанда туған әр балаға миллионнан төлесе...

1082

Путин бүгінгі жолдауында "Ана капиталын" бірінші баладан бастап беретінін айтты. Ол шамамен 2,8 млн теңге, ал екінші бала өмірге келсе 3,8 млн теңге бір мәрте беріледі. Біздегіні қарасам ұялып кеттім, сразу оқып отырған мақаламды жауып тастадым)
Жалпы Ресей "Ана капиталына" соңғы бар статистикаға сүйенсек мынша қаражат бөліпті:
2010 год - 97 млрд руб.;
2011 год - 171 млрд. руб.;
2012 год - 212 млрд руб.;
2013 год - 237 млрд руб.;
2014 год - 271 млрд руб.;
2015 год - 329 млрд руб.;
2016 год - 365 млрд руб.;
2017 год - 312 млрд руб.
Көп ақша. Ал енді "Ана капиталын" екінші баладан емес, бірінші баладан бастап беруді тапсырғанына қарағанда, Ресейде орыс ұлтының бала туу деңгейі тым төмендеп кеткен. Путин "Ресей халқын көбейту керек" деді, ол сөздің астарында "орыс халқын" дегенді түсіну қиын емес. Статистиканың өзіне қарасақ, 2010 мен 2017 жылдары берілген қаржыда үлкен айырмашылық бар. Демек расымен бала туу артқан және сәйкесінше қаржы да көп бөлінген.

Жалпы "Ана капиталын" Борис Немцов марқұм сынаған еді. Ол "бұл тек қана Кавказдағы халықтар мен түркі халықтарына тиімді және оларды бала тууға ынталандырады, тек орыс халқын емес" деген болатын. Ресейдегі "Ана капиталын" есептеп қарасақ, екі бала өмірге келгенде, сатып алатын үйдің жарты ақшасын жинауға болады.

Қазақстан расымен демографияны көтеруді ойласа, нақты осындай қадамдарға бару керек. Менің ойымша әр туылған балаға миллионнан бір рет төлейтін болса, онда сөзсіз бұл демографияға оң әсерін береді. Қазақстанның дамымай жатуының басты себебі - халық санының тым аз болуы. Кемі 45-50 млн болса, онда экономика үлкен серпінмен дамитын еді деп ойлаймын. Ол үшін нақты қадамдар, мотивациялар берілуі тиіс.

Асхат Қасенғали

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер