Мұхан Исахан: Біз «Жусан» операцияларында ең алдымен балаларымызды қорғап қалдық

3621
Adyrna.kz Telegram

Сириядан «Жусан» операциясымен оралған азаматтарды оңалтуға қатысты түрлі пікірлер айтылуда. Оңалту жұмысынан хабары жоқ кейбір азаматтар қанша дегенмен теріс діни ағымға еріп, сұрапыл соғысты көріп, Сириядан оралғанбдықтан, олардың азаматтардың болашағына күмәнмен қарайды. Бір қарағанда күні ертең қатты діни ұстанымы қайта оянып, баяғы әуеніне басып, радикалді әрекеттерге баруы мүмкін деген қауіптің қылаң беретіні белгілі. Десе де, мемлекет бұл қадамға барарда жеті өлшеп, бір кесіп, шешім шығарған еді.

Біз «Жусан» операциялары арқылы өз балаларымызды қорғап қал алдық. Алғашқы 9 қаңтарда жүзеге асқан"Жусан-1" арнайы операциясы нәтижесінде Қазақстанның 47 азаматы Сириядан оралды. Оның 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала еді. Ал, 7 және 9 мамыр күндері "Жусан-2" операциясы аясында Сириядан Қазақстанның 231 азаматы елге жеткізілді. Олардың 159-ы – бала. Соңғы 28-31 мамырда Сириядан Қазақстанға 67 әйел, 171 бала жеткізілді. Яғни, Сириядан оралғандардың жалпы саны 516 адам болса, соның 360 балалар болатын. Бұл балалардың діни радикализмге ешқандай қатысы жоқ. Олар бейкүнә саналады. Сол себептен Қазақстан мемлекеті жүзеге асырған «Жусан» операциялары өзін-өзі толық ақтаған жоба деп айта аламыз.

ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы тапсырысы бойынша.

 

Исахан Мұқан Баймұратұлы

Дінтанушылар Конгрессі қоғамдық бірлестігінң сарапшысы, философия ғылымдарының докторы, теолог исламтанушы, ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі 

Пікірлер