Ыстанбұлдағы жер сілкінісі. 150-ден астам адам жарақат алды

1054
Adyrna.kz Telegram

Ыстанбұлда болған жер сілкінісінен 151 адам жарақат алған, қаза тапқандар жоқ. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Жер сілкінісінің эпицентрі Мәрмәр теңізінде, шамамен 7 км тереңдікте, Ыстанбұлдан 60 км қашықтықта орналасқан”, деп жазады dpa агенттігі.

Олардың мәліметінше, бұл – өңірде соңғы 25 жылда тіркелген ең күшті жер сілкінісі.

“Жер сілкінісінен кейін бірнеше сағат ішінде 127 афтершок тіркелді. Олардың ішіндегі ең күштісінің магнитудасы 5,9 болған”, деп мәлімдеді Түркияның ІІМ басшысы.

«Жер сілкінісі қайталануы мүмкін»

NTV телеарнасына берген сұхбатында геолог Окан Тюйсүз алдағы уақытта тағы да күшті жер сілкінісі болуы мүмкін екенін айтты. Сейсмолог Наджи Гөрюр де басты жер сілкінісі әлі алда болуы мүмкін деп ескертеді. Оның айтуынша, қазіргі жерасты дүмпулері Мәрмәр теңізіндегі, яғни Ыстанбұл маңындағы тектоникалық плиталар шекарасындағы кернеуді одан әрі күшейтуде.

15 миллионнан астам тұрғыны бар Түркияның ірі мегаполисі – Ыстанбұл жер сілкінісіне жеткілікті деңгейде дайын болмаған.

Өйткені, көптеген тұрғындар жер сілкінісі туралы SMS-хабарламалар алмаған. Мұндай жүйе бар болса да, оның тиімді жұмыс істемегені айтылуда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер