Ресей Қырым мен басып алынған украиналық аумақтарды заңды түрде тануды талап етті

985
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ресей Украинаның Қырым облыстарын, сондай-ақ басып алынған Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарын өзінің заңды бөлігі ретінде тануды талап етті. Бұл аумақтардың ресейлік болып танылуы Ресейдің Украинаға басып кіруін аяқтаудың "міндетті шарты" деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 28 сәуірде бразилиялық “O Globo” газетіне берген сұхбатында, деп хабарлайды “Адырна”.

“Мәскеудің басқа талаптарына Украинаға НАТО-ға кіруге жол бермеу, оның "бейтарап және блоктық емес мәртебе" қабылдауы, сондай-ақ оның "демилитаризациясы мен денацификациясы" және Ресейге қарсы санкциялардың жойылуы, Ресейге қатысты заңды талаптардың тоқтатылуы мен арест ордерлерінің жойылуы кіреді”, деді Лавров.

Сергей Лавровтың айтуынша, Ресей НАТО, Еуропа одағы және олардың мүшелері тарапынан Ресейдің батыс шекараларындағы қауіптерден "сенімді қауіпсіздік кепілдіктерін" талап ететінін айтты. Осы уақытта Киевтің барлық міндеттемелері "заңды түрде бекітіліп, қамтамасыз ету тетіктері болуы және мерзімсіз сипатта болуы керек" деп санайды ол.

Алайда, АҚШ президенті Дональд Трамп, соңғы бірнеше айда Украинадағы соғысты тоқтату үшін келіссөздер жүргізіп жүрген. 27 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресей аннексиялаған Қырымнан бас тартуға дайын екенін айтты.

26 сәуір күні Ватиканда Зеленскиймен кездесуінен кейін Трамп Кремльге бейбіт келісімге қол қоюдан бас тартса, санкциялармен қорқытқанын атап өтті, бірақ бірнеше күн бұрын Киевті кінәлаған болатын.

“Владимир Путиннің әрекеттері соғысты тоқтатуға деген ықыласының жоқтығын, бәлкім, мені алдап жүргенін көрсетуі мүмкін”, деп баса айтты Трамп.

Пікірлер