Қуаты - 7,7 балл. Мьянмада жойқын жер сілкінісі болды

672
Adyrna.kz Telegram
Фото: x.com/WeatherMonitors
Фото: x.com/WeatherMonitors

Мьянма республикасында күші 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Бұл туралы бүгін АҚШ Геологиялық қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, күндіз Мьянманың орталық бөлігінде жойқын жер сілкінісі болған. Жер сілкінісінің магнитудасы 7,7 балл.

CNN алғашқы жер сілкінісінен 12 минут өткенде аймақта магнитудасы 6,4 балдық жерасты дүмпуі болғанын хабарлады.

"Біз шамамен бір минуттай жер сілкініп тұрғанын сездік. Сосын ғимараттан жүгіріп шықтық. Басқа адамдардың да жүгіріп шығып жатқанын көрдік. Бұл кенеттен әрі қатты болды", - дейді басылымға атын жасырын қалғанын өтінген Мьянма астанасы Янгон қаласының тұрғыны.

Басылым тілшілерінің хабарлауынша, жерасты дүмпулері Таиланд астанасы Бангкокта да сезілген.


Associated Press жазғандай, Бангкок жер сілкінісі салдарынан көпқабатты үйлерден тұрғындарды эвакуациялай бастады. Басылым жер сілкінісінің шамамен 10 минутқа созылғанын хабарлады.

Жер сілкінісінен зардап шеккен немесе қаза болғандар туралы әзірге ақпарат жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер