Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінді

923
Adyrna.kz Telegram

28 наурыз сағат 03:42-де Қазақстанның бірнеше аймағында жер сілкінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сейсмикалық станциялар желісі 28 наурызда сағат 03:42-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан. Ол бірнеше аймақта сезіліпті:

  • Меркі – 5 балл;
  • Құлан – 4 балл;
  • Шу – 2 балл;
  • Төле би – 2 балл;
  • Сарыкемер – 2 балл;
  • Тараз қаласы – 2 балл;
  • Қордай – 2 балл;
  • Аса – 2 балл;
  • Мойынқұм – 2 балл;

Қирандылар, дүмпуден зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Барлық қалыпты жұмыс істеп тұр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің басқару орталығында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен аумақтық бөлімшелермен жұмыс кеңесі және видеоконференция өтті.

“Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайды бақылап жатыр. Жағдай тұрақты. Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда әрекет ету үшін дайын. Жамбыл облысында химиялық қауіпті 5 нысан бар. Мамандар оларды тексерді, қауіп жоқ”, – деп толықтырды ТЖМ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер