Швецияда атыс болып, бірнеше адам жарақат алды

1196
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-sheteldik-960x500.jpg?token=8ae9296e28c9cdeacbf1da04fab334db

Швецияның шығысындағы Уппсала қаласында оқ тиіп, жарақаттанған бірнеше адам табылған. Бұған дейін қалада қатты атыс дыбыстары естілген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Euronews-ке сілтеп.

Полиция мәлімдемесінде атысқа ұқсас дыбыстар туралы бірнеше тұрғыннан қоңырау түскені айтылды.

"Бірнеше адам атыс жарақаттарына ұқсайтын

зақымдармен табылды", – деді полиция. Олардың айтуынша, қаланың үлкен бір бөлігі қоршауға алынып, тергеу басталды.

Алғашқы әлеуметтік желілердегі хабарламаларда кейбір қолданушылар қаза тапқандар бар деп жазуда. Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Комментарии