«Адам өмірін бағалаймыз». Зеленский 30 күнге дереу бітім жасасуды ұсынды

863
Adyrna.kz Telegram
Фото: Thomas Peter/ Reuters
Фото: Thomas Peter/ Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің уақытша оқ атуды тоқтату ұсынысына пікір білдірді. Бұған дейін Путин жеңіс мерейтойына орай 8 мамыр түн ортасынан 11 мамыр түн ортасына дейін бітім жариялаған болатын, деп хабаралайды “Адырна” ұлттық порталы.

Зеленский бұл қадамды «айла-шарғы» деп атап, Украина наурыз айында АҚШ-тың толық бітімге келу туралы бастамасына келісім бергенін еске салды. Оның айтуынша, ұрысты тоқтату үшін 8 мамырды күтудің қажеті жоқ.

«Біз шерулерді емес, адам өмірін бағалаймыз. Бітім дереу, толық әрі сөзсіз болуы керек. Кем дегенде 30 күнге. Бұл — нағыз дипломатияның негізі», — деді Зеленский.

Пікірлер