Мәжілісте өткен отырыста Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошұрбаев Каспий теңізін зерттеу бойынша жоспарлар туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мансұр Ошұрбаев Каспий теңізін ластанудан қорғау және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау мақсатында Әзербайжан, Қазақстан және Түрікменстанда "Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру: ластануды басқару және биологиялық әртүрлілікті сақтау әлеуетін арттыру" жобасы іске асырылатынын айтты. Жоба Глобалдық экологиялық қордың гранттық қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Отырыстағы анықтамалық ақпаратқа сәйкес, жоба 5 жыл ішінде жүзеге асады, жалпы қаржыландыру көлемі – 12 миллион доллар.
"Жобаны БҰҰ-ның жобаларды басқару қызметі (ЮНОПС) Дүниежүзілік банк және ЮНЕП-пен бірлесіп іске асырады. Жобаның құрылымдық элементтерін келісе аяқтау үшін 2025 жылғы 24-26 сәуір аралығында Ақтауда ЮНОПС және Дүниежүзілік банк миссиясымен консультациялар өткізу жоспарланып отыр", – деді вице-министр.
Оның айтуынша, сонымен қатар Глобалдық экологиялық қордың гранты есебінен Қазақстанның Каспий теңізіндегі бөлігін қамтитын жеке жобаны іске асыру мәселесі қарастырылуда.
"Бұл жоба “Қазақстанның Каспий теңізі бөлігінің және оған іргелес аумақтардың теңіз және жағалаудағы ресурстарын кешенді басқару” деп аталады. Қаржыландыру көлемі – 8 миллион доллар. Сонымен бірге Каспий теңізі жағалауын бейімдеу жобасын жүзеге асыру үшін Бейімделу қорынан қаражат тарту мүмкіндігі бар (БҰҰ-Хабитатпен бірлесіп). Үш онлайн кездесу өткізілді. Жобаның шамамен құны – 10 миллион доллар. Қазір жоба тұжырымдамасының түпкілікті нұсқасы әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдармен, соның ішінде жергілікті әкімдіктермен келісуге дайындалуда", – деп қорытындылады Мансұр Ошұрбаев.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
- ИП Попов А.П.
- ИНН: 602715631406
- ИП Попов А.П.
- ИНН: 602715631406
- ИП Попов А.П.
- ИНН: 602715631406