“Мамандар жоқ”. Құрылған институттың жұмысы жүрмей тұр

1509
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbussines.kz
Фото: inbussines.kz

Үш жыл бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған Каспий теңізін зерттейтін ғылыми институт қашан құрылады? Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінен сұрап білдік.

2022 жылдың қараша айында Мемлекет басшысы Қазақстанда Каспий теңізін зерттейтін ғылыми институт құруды ұсынған болатын. Үкімет 2024 жылдың қаңтарында осы жобаны ресми түрде мақұлдады, бірақ институт әлі жұмысын бастаған жоқ.

Су ресурстары және ирригация министрлігіне “Адырна” ұлттық порталы сауал жолдады.
Министрліктің мәліметінше, институт құрылып қойған.

“Мемлекет басшысының 2022 жылғы 7 қарашадағы тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы No36 қаулысына сәйкес «Каспий теңізінің Қазақ ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды. Институт қызметінің негізгі бағыттары Каспий теңізінің табиғи ресурстарын сақтау және молайту мақсатында Каспий теңізінің қазақстандық секторында экологиялық мониторинг пен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, Каспий маңы мемлекеттерінің ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Институттың басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша функционалдық талдау жүргізді және осы талдауға сәйкес Институтты экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағына берудің орындылығы туралы қорытынды жіберді. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 желтоқсандағы No1031 қаулысымен Институт экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағына берілді”, - деп хабарлады министрлік.

Ал Маңғыстау облысының экология департаменті 2024 жылы институтқа арнап, қаладан ғимарат берілгенін, алайда оған білікті ғалым-мамандар жетіспейтінін мәлімдеді.

Айта кетейік, Каспийді зерттейтін ғылыми институт теңізге шекарала бес мемлекеттің төртеуінде бар. Тек Қазақстанда жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер