Ақтаулықтар байқаған жарқыраған нысан. Ғарыш кемесінің капсуласы болып шықты

798
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ақтау тұрғындары аспанда жарқырап құлаған белгісіз объектіні байқап, оны видеоға түсіріп үлгерген. Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан жылдам құлап бара жатқан жарық нүктені көруге болады. Желі қолданушылары бұл құбылыстың не екенін болжай алмай, түрлі пікірлер айтуда.

Алайда көп ұзамай бұл құбылыстың нақты не екені белгілі болды. 20 сәуір күні Мәскеу уақытымен 04:20-да «Союз МС-26» ғарыш кемесінің қайту капсуласы Жезқазған қаласы маңына сәтті қонған. Аспандағы көрініс — дәл осы капсуланың атмосфера қабаттарына ену кезінде пайда болған құбылыс екені анықталды.

Капсулада «Роскосмос» ғарышкерлері Алексей Овчинин, Иван Вагнер және NASA астронавты Дональд Петтит болды. Олар Халықаралық ғарыш станциясында ұзақ мерзімді 73-экспедиция аясында жұмыс істеп, 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 43 ғылыми-қолданбалы тәжірибе жүргізген. Сонымен қатар, ғарышкерлер ашық ғарышқа шығып, бір пилотты және екі жүк кемесін қабылдаған.

Фото: Роскосмос

Қайту капсуласы ХҒС-ның Ресей сегментіндегі «Рассвет» модулінен сәтті бөлініп, орбитадан шығып, Жерге қону кезеңін қалыпты режимде өткерді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Халықаралық ғарыш станциясында 73-ұзақ мерзімді экспедицияның экипажы жұмысын жалғастырып жатыр. Онда «Роскосмос» ғарышкерлері Сергей Рыжиков, Алексей Зубрицкий, Кирилл Песков, NASA астронавттары Джонатан Ким, Энн МакКлейн, Николь Айерс және JAXA (Жапония) астронавты Такуя Ониси бар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер