Құрамында Германияның алғашқы әйел ғарышкері бар экипаж Жерге оралды

778
Adyrna.kz Telegram

Ғарышта төрт күн өткізген халықаралық Fram2 зерттеу миссиясының мүшелері отырған Crew Dragon капсуласы 4 сәуір күні Калифорния жағалауына сәтті қонды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл коммерциялық миссияны SpaceX компаниясы жүзеге асырды.

Капсула қону сәтінен кейін құтқарушылар оны теңіздегі арнайы кемеге көтеріп, ашты. Ғарышкерлер – Эрик Филипс (Аустралия), Рабеа Рогге (Германия), Яннике Миккельсен (Норвегия) және Чунь Ван (Қытай-Мальта) – палубаға өз беттерімен шықты.

Fram2 – жеке қаржыландырылған халықаралық ғылыми миссия. Жоба атауын 19-ғасырдағы атақты норвегиялық «Фрам» зерттеу кемесінің құрметіне алды. Миссияны криптовалюта саласында табысқа жеткен миллиардер Чунь Ван ұйымдастырып, өзі экипаж жетекшісі болды.

Ғарышкерлер сапар барысында 20-дан астам ғылыми тәжірибе жасады. Олардың қатарында алғаш рет ғарышта адам ағзасына рентген жасау, саңырауқұлақ өсіру, Арктика мен Антарктика үстінен ұшу сияқты ерекше зерттеулер болды. Сонымен қатар, норвегиялық режиссер Яннике Миккельсен әлеуметтік желіде салмақсыздықта шашын қалай кептіретінін көрсеткен бейнежазбамен бөлісті.

Бұл сапарда Германиядан алғаш рет ғарышқа ұшқан әйел адам бар.

29 жастағы Рабеа Рогге – электроинженер әрі Арктикаға арналған робот техникасының маманы. Ол – ғарышқа ұшқан алғашқы неміс әйелі атанды. Бұған дейін Германиядан тек 12 ер адам ғана ғарышта болған. Соңғы рет 1978 жылы Зигмунд Йен есімді неміс азаматы кеңестік «Союз» кемесімен ғарышқа ұшқан болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер