Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полатқа қатысты сот отырысында Ержан Құрақбаев айыптау актісін оқыды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Күдікті өзімен алдын ала дайындалып келген пышағын пайдаланып, Шерзат Полатты қазаға ұшыратуды ойлаған. Өз қылмыстық ойынша іске асрыу үшін Шынасыл Полатты көре тұра, Нұрымов пен анасы, әжесінің жүргеніне қарамастан солардың көзінше жүрек тұсына бір рет пышақ сұғып алған. Салдарынан Полат асфальтқа отырып қалған, – дейді прокурор.