Черногория соты Дина Таңсәріні Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты

1264
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/a6a83f6a-a9d3-4f73-8f5c-2b389e8fa721-960x500.png?token=7e4f24be0c1449b8ce1587d46e8e4f7c

Черногорияда «НеМолчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәріге қатысты экстрадиция мәселесі бойынша сот шешімі шықты. Бұл туралы қор мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”  ұлттық порталы.

Қордың мәліметінше, Черногория соты оны Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқан.

«Жаңа жаңалығымыз бар. Динаны Черногориядан экстрадицияламайды» делінген жазбада.

Еске салсақ, кеше тұрмыстық

зорлық-зомбылыққа ұшрағандарға көмек көрсететін NeMolchi.kz қорының жетекшісі Дина Тансарі Черногорияда қамауға алынғаны туралы ақпарат шықты. Оны Подгорица қаласының полициясына жеткізіп, сот өткенге дейін уақытша ұстау изоляторына жапқан. Қор сот 15 сәуірде өтіп, оның экстрадиция мәселесі қаралатынын жазған. 

Комментарии