Қазақ газ өңдеу зауытының бұрынғы директоры Болат Байшуақов сотталды. Бұл туралы бүгін, 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Экс-басшы кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сату және түскен қаражатты иемдену арқылы ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған.
«Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ»,—делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2023 жылы ақпан айының басында Болат Байшуақов «Қазақ газ өңдеу зауыты» АҚ директоры болып тағайындалған еді. 2024 жылдың тамызында оның жемқорлық бойынша күдікке ілінгені белгілі болды. Сол кезде бұрынғы директор мемлекетке 65 млн теңге залал келтіргені айтылды.