Импичмент жарияланған Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель биліктен қуылды. Бұл туралы Yonhap басылымы жазды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.
Басылым мәліметінше, бүгін, 4 сәуірде Бас судьяның міндетін атқарушы Мун Хён Бэ сот үкімін оқып, президент Юн Сок Ёлдің қызметінен босатылатынын және бұл қызметке орала алмайтынын мәлімдеген.
«Конституциялық сот судьялары бірауыздан президент Юн Сок Ельге импичмент жариялау туралы шешім қабылдады», – деп жазады басылым.
Еске салсақ, Оңтүстік Корея президенті 2024 жылдың 3 желтоқсанында елде әскери жағдай жариялаған. Артынша Оңтүстік Корея Парламенті дауыс беріп, 6 сағатқа созылған әскери режимді алып тастады. Осыдан кейін оппозиция Юн Сол Ельдің отставкаға кетуін талап етті. Сонымен бірге президентке импичмент жариялайтынын мәлімдеді. Ал 14 желтоқсанда Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясы президент Юн Сок Ёлге импичмент жариялады.