Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёль қамаудан босатылды

1197
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rg.ru
Сурет: rg.ru

Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёль қамаудан босатылды. Себебі сот оны қамауға алуды тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырған. Бұл туралы  Yonhap агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, импичмент жарияланған президент Юн Сок Ёль жұма күні қамаудан босатылды. Сот оның қысқа мерзімді әскери төтенше жағдай енгізуіне байланысты қамауға алуын жою туралы өтінішін қанағаттандырды.

Өткен айда Юн Сеулдің Орталық аудандық сотына өтініш беріп, 3 желтоқсанда әскери жағдай енгізгені үшін тағылған айыптың заңсыз екенін мәлімдеген еді.

Еске салсақ, 2024 жылы 31 желтоқсанда Корея президентін қамауға алу туралы ордер шығарылған болатын. Сеул соты әскери жағдай енгізуіне байланысты қызметінен уақытша шеттетілген президент Юн Сок Ёльді қамауға алу туралы құқық қорғау органдарының сұранысын қанағаттандырды. Осылайша, ол Оңтүстік Кореяның қызмет үстіндегі алғашқы қамауға алынған президенті атанған еді. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер