Астана, Алматы, Шымкент. Наурыз мерекесіне қанша қаражат бөлінді?

757
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Қазақстанның үш ірі қаласы – Астана, Алматы және Шымкент әкімдіктері Наурыз мерекесін атап өтуге қомақты қаражат жұмсады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп. 

Астанада мерекелік іс-шараларды қаржыландыру аудан әкімдіктері арқылы жүзеге асырылды. Жалпы, қала бойынша Наурызды тойлауға 366,4 миллион теңге бөлінген. Алайда мемлекеттік сатып алу порталындағы кейбір тендерлер шығындардың бұдан да жоғары болуы мүмкін екенін көрсетеді. Мысалы, Сарайшық ауданы көшелер мен алаңдарды безендіруге 827 миллион теңге, ал Сарыарқа ауданы мерекелік безендіру және шағын сәулеттік нысандар орнатуға 405,8 миллион теңге бөлген.

Алматыда Наурыз мерекесін ұйымдастыруға мәдениет басқармасы жауапты болды. Мемлекеттік сатып алу порталының мәліметтері бойынша, Наурыз қарсаңында 555,8 миллион теңгеге 8 тендер өткізілген. Бұл қаржы концерттер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыруға, сахна құрылысына, сәулеттік нысандар мен тулар орнатуға, дыбыстық және жарықтандыру жабдықтарына жұмсалған. Алайда қала әкімдігі бұл шығындарды ресми түрде растаған жоқ және ақпараттың нақтылануына екі ай уақыт қажет екенін хабарлады.

Шымкентте мерекені ұйымдастыруға мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясы мен аудандық әкімдіктер жауапты болды. Негізгі шығындар гала-концертке, отшашуға, әуе шарлары мен киіз үйлер орнатуға бағытталды. Бастапқыда әкімдік Наурызға 132,6 миллион теңге бөлінгенін хабарлады, бірақ кейін қосымша безендіру жұмыстарына тағы 12,8 миллион теңге жұмсалғаны анықталды. Осылайша, Шымкент бойынша жалпы шығын 156,5 миллион теңгені құрады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер