Мопед жүргізушілеріне арналған жаңа талаптар күшіне енді

319
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда мопед жүргізушілері үшін жаңа ережелер ресми түрде күшіне енді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілген өзгерістерден кейін мопед иелері енді көлік жүргізушілерімен тең дәрежеде жауапкершілік арқалайды. Интернет қолданушылары бұл күнді “мопед жүргізушілерінің террор дәуірінің соңы” деп атап жатыр.

Енді мопед жүргізушілері талаптарды орындауға міндетті.

Мопед міндетті түрде тіркелген болуы керек, жүргізуші куәлігі болуы қажет, сақтандыру полисі болуы шарт, техникалық байқаудан өтуі тиіс, қорғаныс дулығасын (шлем) кию міндетті. Мопедтің техникалық жағдайы жарамды болуы қажет.

Жол ережесін бұзған жағдайда мопед иелеріне жаза қолданылады. Мас күйінде көлік жүргізу — 15 тәулікке қамақ және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру, жүргізуші куәлігі жоқ немесе құқығынан айырылған адамның мопед айдауы, жылдамдықты арттыру, қауіпті маневр жасау, қарсы жолаққа шығу, қызыл шамға өту, жаяу жүргіншіге жол бермеу, жол белгілері мен сызықтарын бұзу, рұқсат етілмеген жарық немесе дыбыстық сигнал қолдану және апаттық жағдай тудырғанда айыппұл салынады.

ІІМ мәліметінше, бұдан былай заңбұзушылықтар автоматты тіркеу камералары арқылы жазылады.

Статистикаға сүйенсек, 2024 жылдың он екі айында республика аумағында мопедтердің қатысуымен 1 819 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 76 адам қаза тауып, 1 945 адам жарақат алған. Ал биылғы жылдың алғашқы үш айында 103 апат болып, 2 жасөспірім қаза тапқан, 105 адам жараланған.

“Бұған дейін мопед жүргізушілері жол ережесін бұзғаны үшін 2 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін. Енді 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап олар механикалық көлік жүргізушілерімен тең жауапкершілікке ие”, – деді ІІМ өкілі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер