АҚШ-та жеңіл моторлы ұшақ тұрғын үйге құлап, жарылды

508
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Миннесота штатындағы Бруклин-Парк қаласында жеңіл моторлы SOCATA TBM 700 ұшағы тұрғын үйге құлап, жарылып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ABC 7 арнасына сілтеп.

Мәліметтерге сүйенсек, ұшқыш пен жолаушылар қаза тапқан.

Апат халық көп шоғырланған ауданда болған. Абырой болғанда, үйде ешкім болмағандықтан, жергілікті тұрғындар зардап шекпеген.

Ұшақта қанша адамның болғаны нақты белгісіз, бірақ әдетте бұл әуе көлігі алты адамға дейін тасымалдауға есептелген.

Әуе кемесі Айова штатындағы Де-Мойн халықаралық әуежайынан ұшып шығып, Миннеаполис маңындағы Анока-Блейн округіне бағыт алған.

Тергеушілер апаттың техникалық ақаулардан болғанын немесе ұшқыштың ұшақты әдейі бағыттағанын анықтауда. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер