Оңтүстік Кореядағы орман өртіне қатысты күдікті ұсталды

431
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік Кореяның Кёнсан-Пукто провинциясында болған жойқын орман өртіне 56 жастағы ер адам басты күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Hankyoreh басылымына сілтеме жасап.

Ол Ыйсон ауданындағы сынған ағашты сіріңкемен өртемек болғанда, жалын бақылаудан шығып, үлкен өртке ұласқаны анықталды.

56 жастағы азамат  «Орманды қорғау туралы» заңды бұзды деген күдікпен 30 наурызда қамауға алынбастан ұсталды. Тергеу барысында оның қызы әкесіне қарсы куәлік беріп, өрттің әкесінің әрекетінен басталғанын растады.

Өрт Ыйсоннан басталып, Андон, Чхонсоне, Анян және Йондок аудандарына тарады. 28 наурызда Кёнсан-Пукто полициясы істі жергілікті биліктен алып, өз бақылауына алды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Бұл өрт Оңтүстік Корея тарихындағы ең ауқымды өрттердің бірі болды. Салдарынан 26 адам, оның ішінде тікұшақ ұшқыштары, өрт сөндірушілер және жергілікті тұрғындар қаза тапты. 4 мыңнан астам ғимарат жойылып, ұлттық реликвия – Гоунса храмы өртеніп кетті. Жалын 45 157 гектар аумақты шарпыды, бұл Сеул аумағының 75 пайызына тең.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер