Түркиядағы Республикалық халық партиясының жетекшісі Өзгүр Өзел мерзімінен бұрын сайлау өткізу және президент Режеп Тайып Ердоғанға сенімсіздік білдіру үшін қол жинау науқанын бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Cumhuriyet басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы ол 2,2 миллион адам қатысқан «Экрем Имамоғлына бостандық» атты жаппай митингте айтты.
Жоспарға сәйкес, ертеңнен бастап Ердоғанға сенімсіздік білдіру мен кезектен тыс сайлау өткізуді қолдайтын азаматтардан ауқымды түрде қол жинауды бастайды. Науқан аясында елдің әртүрлі қалаларында митингтер ұйымдастырылмақ.
Компанияның мақсаты – 2023 жылғы сайлауда Ердоған алған 27,7 миллион дауысқа тең қол жинау. Осы бастама аясында бүкіл ел бойынша митингтер өткізуді жоспарлап отыр.
Өзел түрмедегі саясаткерлер мен қамаудағы белсенділерге қолдау білдіріп, оларды дереу босатуға шақырды. Өз сөзінде ол Стамбул мэрі Экрем Имамоғлы, ұлтшыл «Жеңіс» партиясының (Zafer Partisi) жетекшісі Үміт Өздағ және 2016 жылдан бері саяси мәлімдемелері үшін түрмеде отырған күрд саясаткері Селахаттин Демірташ бостандыққа шығуы керектігін талап етті.