30 наурыз күні Еуропада сағат тілі алға жылжыды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
«Орталық Еуропа уақыты (CET) мен Орталық Еуропа жазғы уақытына (CEST) ауысу нәтижесінде 30 наурыз 24 сағаттың орнына 23 сағатқа ғана созылды»,—делінген хабарламада.
Жылына екі рет қайталанатын бұл уақыт өзгерісі көптен бері пікірталастар тудырып, Еуропалық одақ институттарында бірнеше рет талқыланған болатын. Жазғы уақытқа көшуді тоқтатуға талпыныстар болғанымен, бұл дәстүр әлі де сақталып келеді. Осылайша наурыздың соңғы жексенбісінде Еуропа тағы да жазғы уақытқа көшті.
Айта кетейік, Бельгияда наурыз айының соңында жазғы уақытқа көшу жүйесі энергия үнемдеу мақсатында 1977 жылы енгізілген.