Boeing 747-200. Ерекше қонақ үй металл сынығына айналуы мүмкін

646
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Стокгольм қаласындағы әйгілі Jumbo Stay әуе кемесінен жасалған қонақ үй 2025 жылдың 17 наурызында ресми түрде жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Frequentflyers-ке сілтеп.

Швеция астанасы маңындағы Арланда әуежайында орналасқан ерекше қонақ үй 16 жыл бойы келушілерді қабылдап келген. Алайда жоба иесі қаржылық қиындықтарға байланысты банкротқа ұшырап, мемлекеттік Swedavia компаниясы жаңа инвесторға жерді жалға беруден бас тартқан соң, қонақүйдің болашағына нүкте қойылды. Алдағы уақытта Boeing 747-200 ұшағы бөлшектелуі мүмкін.

Jumbo Stay қонақ үйі бұрынғы Boeing 747-200 ұшағының негізінде жасалған. Бұл ұшақ алғаш рет 1976 жылы Singapore Airlines авиакомпаниясында қызмет етіп, 2002 жылы Швецияның Transjet әуе компаниясы банкротқа ұшырағаннан кейін пайдаланудан шығарылған. Кейін оны қайта жөндеп, 2009 жылы ерекше қонақ үйге айналдырды.

Отельде 33 бөлме болды. Олардың арасында қарапайым каюталардан бастап, ұшқыштар кабинасындағы люкс нөмірге дейін әртүрлі санаттағы бөлмелер ұсынылды. Қонақүй интерьері авиация стилінде жасалып, жолаушыларға ұшақтағы атмосфераны сезінуге мүмкіндік берді. Тіпті, қонақтарды «ұшу гүліне» еліктейтін арнайы дыбыспен ояту қызметі де болған. Бұл ерекшеліктер Jumbo Stay-ді авиация жанкүйерлері мен блогерлер арасында танымал етті.

Jumbo Stay қонақүйі тек Швецияда ғана емес, әлемде де ерекше концепциясымен танымал болды. Мұндай тәжірибелер басқа елдерде де кездеседі. Мысалы, Коста-Рикадағы Hotel Costa Verde Boeing 727 ұшағынан жасалған, ал Бали аралында ресейлік инвестор Boeing 737-ні сәнді виллаға айналдырған. Бірақ бұл жобалардың барлығы люкс санатында болғандықтан, бюджеттік саяхатшыларға арналған ұшақ-қонақ үй нарығында Jumbo Stay жалғыз болды.

Пандемиядан кейін отельге келушілер саны айтарлықтай азайды. Сондай-ақ, әуежай аумағында жарнама жасауға тыйым салынғандықтан, қонақ үй кездейсоқ келушілерді де жоғалтты. Оның үстіне, қолжетімді бағадағы қонақ үйлердің көбеюі туристердің таңдауы мен сұранысына әсер етті. Жағдайды тұрақтандыру үшін жаңа инвесторлар іздестірілгенімен, Swedavia компаниясы жер телімін басқа мақсатта пайдалануды жөн көрді.

Осылайша, әлемдегі ерекше қонақ үйлердің бірі болып саналатын Jumbo Stay тарих сахнасынан кетуге мәжбүр болды. Алдағы уақытта оның бөлшектелуі немесе басқа мақсатта пайдаланылуы мүмкін екені айтылуда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер