Израильдің барлық елшілігі уақытша жабылды

604
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/image-59.jpg

13 маусымға қараған түні Израильдің Иранға жасаған әуе шабуылынан кейін, Израильдің бүкіл әлемдегі елшіліктері мен консулдықтары жабық, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ге сілтеме жасап.

Тиісті мәлімдеме Израильдің Берлиндегі елшілігінің ресми сайтында және өзге де елдердегі дипломатиялық сайттарда жарияланды.

«Соңғы оқиғаларды ескере отырып, Израильдің бүкіл әлемдегі дипломатиялық өкілдіктері жабық. Консулдық қызметтер уақытша көрсетілмейді», - делінген ресми хабарламада.

Мұндай ескерту Израильдің АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Норвегия, Франция, Нигерия, Ресей және Украинадағы елшіліктерінің сайттарында да орналастырылған.

Еске салайық, бұған дейін Израиль Ирандағы бірқатар нысандарға, соның ішінде Тегеран қаласына және Натанз ядролық орталығына жаппай соққылар жасаған болатын. Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, бұл шабуылдар кезінде Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы Мохаммад Багери мен Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) қолбасшысы Хосейн Салами қаза тапқан.

Комментарии