Шекаралық аудандарды дамыту туралы арнайы заң қабылдау қажет – Ерлан Саиров

594
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстанның шекара маңындағы аудандарын дамыту мәселесін көтеріп, бұл аумақтарға арнайы мәртебе беру қажеттігін мәлімдеді. Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Үкіметке «AMANAT» партиясы ұсынған бастаманы жан-жақты қарастыруды тапсырған.

Қазіргі уақытта Қазақстанның 14 облысы бес мемлекетпен (Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан) шектеседі. Бұл аймақтарда 65 аудан бар, онда 3,5 миллион халық тұрады. Оның ішінде 1,7 миллион адам шекарадан 50 шақырымдық қашықтықта орналасқан 1 283 елді мекенде өмір сүруде.

Алайда бірнеше себепке байланысты шекара маңындағы 65 ауданның 40-ында халық саны күрт азайған. Оған климаттың қолайсыздығы, жұмыссыздық, көлік қатынасының нашарлығы, инфрақұрылымның тозуы және Кеңес Одағы кезінде берілген жеңілдіктердің жойылуы сияқты факторлар әсер еткен.

"Бұл әсіресе Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында айқын байқалады", – деді Ерлан Саиров.

Мемлекет басшысының бастамасымен Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында Қатон-Қарағай, Марқакөл, Тарбағатай, Мақаншы аудандары қайта ашылды. Бұл сол аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер еткенін көрсетті.

Сондай-ақ, өңірлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік стратегиялық құжаттар мен бағдарламаларда шекаралық аудандарға қолдау көрсету шаралары қамтылған. Бірақ, депутаттың айтуынша, бұл құжаттарда қарастырылған жеңілдіктер әлі де толық іске аспай отыр.

"Шекаралық аудандарға қатысты мемлекеттік қолдау тетіктері түрлі нормативтік актілерде шашырап кеткен. Оларды үйлестіретін нақты жауапты орган жоқ, ұлттық жобаларды жүзеге асыруда белгілі бір басымдықтар белгіленбеген", – деп атап өтті депутат.

Шекара маңындағы елді мекендерден тұрғындардың жаппай көшуі жалғасып жатыр. Бұл ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін. Депутат осы мәселені шешу үшін халықаралық тәжірибеге сүйенуді ұсынды.

"Канада, Норвегия, Австралия сияқты елдер шалғайдағы және шекара маңындағы аумақтарды дамыту үшін жергілікті тұрғындарға салықтық, әлеуметтік, несиелік, энергетикалық және басқа да түрлі жеңілдіктер береді. Біз де осы тәжірибені қолдануымыз керек", – деді Ерлан Саиров.

Сондықтан депутат шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықтың тұрақтануын ынталандыру, ішкі көші-қонды реттеу және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында арнайы заң қабылдау қажеттігін атап өтті.

"Шекаралық аудандарға арнайы мәртебе беруді көздейтін «Қазақстан Республикасының шекаралық аумақтарын дамыту туралы» арнайы заң қабылдау өте маңызды. Бұл заң ел аумағын тиімді пайдалануға, мемлекеттік қолдау шараларын бір жүйеге келтіруге, өңірдің дамуына және аумақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп түйіндеді депутат.

«AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жақын арада аталған заң жобасын дайындап, ұсынатынын мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер