Алғашқы болжам. Жетісудан ортағасырлық қаланың орны табылды

863
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/image-53-960x500.jpg?token=8c0376dda539d1efe7855b894ef44a66
Жетісу облысында «Петроглиф ізкесушілері» қоғамдық қорының командасы көптен бері ізделіп жүрген ортағасырлық қаланың орнын тапқан болуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Бұл туралы аталмыш қордың қызметкері Ольга Гумирова кеше әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Нет описания фото. «2025 жылдың 6 маусымы. Бүгінгі күн босқа өткен жоқ. Біз көптен бері іздеп жүрген ортағасырлық қаланың орнын таптық! Бұл қала жайлы жазба деректерде мәліметтер бар. Археологтар да бұл туралы хабардар», – деп жазды ол жұма күні Facebook парақшасында. Нет описания фото. Алдымен қор қызметкерлері карьерден кірпіштен қаланған қабырғаның қалдықтарын, керемет жағдайда сақталған мұнараны байқаса, кейінірек ортағасырлық кірпіштері балқып кеткен үлкен қабырғаны тапқан. Нет описания фото. «Бұл қала моңғол шапқыншылығы кезінде қатыгездікпен өртелген. Жалпы, бұл көне қала Талхиз немесе Қойлықпен тең. Бұл нысанның нақты не екені жайлы пікірталас жүріп жатыр. Анықтайтын боламыз», – деді Ольга Гумирова.  
Комментарии