Ақ үйдегі төбелес. Илон Масктің көзі көгерді

1141
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/image-56-960x500.jpg?token=bd4d7c3a924cc4efe90a24b6bcb612eb

Илон Маск пен АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент 17 сәуірде Дональд Трамппен кездесуден кейін Ақ үйдің дәлізінде төбелесіп қалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы The Washington Post Стив Бэннонға сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, қақтығыс жаңа салық қызметінің басшысын тағайындауға қатысты келіспеушіліктен шыққан. Президент Бессент ұсынған кандидатураны қолдаған, ал Маск оны «триллиондарды босқа шашты» деп айыптаған.

Сөз таластан кейін Маск Бессентті иығымен соғып өткен, ал Бессент оған жұдырықпен жауап қайтарған. Оларды Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің кеңсесі жанында тұрған әкімшілік қызметкерлері ажыратқан. Кейін бұл жағдай Трампқа жеткізілген, ол: «Бұл тым артық кетті» деп мәлімдеген.

Маск бірнеше ай бойы Трампты өзін қаржы министрі етіп тағайындауға үгіттеп келген, бірақ ол орын Бессентке бұйырған.

Кейін Маск Трамптың салықтық жоспарын «жиренішті» деп атап, Трамптың сайлауда жеңіске жетуіне өзі көмектескенін еске салған. Бұған жауап ретінде Трамп Маск компанияларына берілетін субсидияларды қысқартуды ұсынған.

Осыдан кейін Маск X (бұрынғы Twitter) желісінде Трамптың Эпштейн ісіне қатысы бар деп жазған, бірақ жазбасын көп ұзамай өшірген. Ал Трамп бұл үшін: «Маск есінен адасты» деп жауап берген.

Комментарии