Анталья – Астана рейсінде төбелес шығарған қазақстандықтарға 60 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Pegasus Airlines әуе компаниясы Анталья – Астана рейсінде жанжал шығарған екі қазақстандық жолаушыдан 60 миллион теңге, шамамен 120 мың доллар, көлемінде айыппұл төлеуін талап етуде.
Ұшу кезінде Қазақстан азаматтары мен украиналық ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Экипаж жолаушыларды сабасына түсіре алмағандықтан, ұшқыштар Түркияның Эрзурум қаласына шұғыл қону туралы шешім қабылдаған.
Қону барысында жанжалға қатысушыларды медициналық тексеруден өткізіп, полицияға тапсырған. Ұшақ жанармай құйып, бұзақы жолаушыларсыз Астанаға қарай ұшуды жалғастырған.
Pegasus Airlines компаниясы жолаушылардан ұшақтың шұғыл қонуына, жанармай құюына және рейстің кешігуіне байланысты келтірілген шығынды өтеуді талап етуде. Сондай-ақ, олар әуе кемесінде бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
«Туристік Қамқор» қорының төрайымы Инна Рей бұл оқиғаның салдары ауқымды екенін атап өтті. Оның айтуынша, рейстің кешігуі әуе компаниясы үшін қосымша шығындарға, соның ішінде резервтік ұшақ іздеуге әкелуі мүмкін.
Оқиғаға қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды