Қырғызстан президенті азаматтық белсенділерге рақымшылық жасады

1295
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 41 сотталған адамға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24.kg-ға сілтеме жасап. 

Бұл туралы Қырғызстанның жазаларды атқару мемлекеттік қызметі мәлімдеді.

Рақымшылыққа іліккендер арасында азаматтық белсенділер де бар. Олардың қатарында – ақын әрі журналист Азамат Ишенбеков те бар. Ол 2024 жылы Temirov Live және «Айт Айт Десе» жобаларына байланысты ұсталған. Жаппай тәртіпсіздікке шақырды деп айыпталып, бес жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Сонымен қатар, блогер Зарина Торокулова да рақымшылыққа ілікті. Ол 2023 жылы жазушы Олжобай Шакирдің видеосын әлеуметтік желіде бөліскені үшін ұсталып, бес жылға сотталған болатын.

Kaktus.media басылымына берген сұхбатында Торокулованың қызы Айман анасының жоғарғы сот Бішкек қалалық сотының үкімін күшінде қалдырғаннан кейін рақымшылық сұрағанын айтты. Ишенбеков те рақымшылық туралы өтініш берген. Бұл жөнінде оның адвокаты Сапар Акун хабарлаған.

Торокулова мен Ишенбековтің 9 сәуір күні бостандыққа шығады деп күтілуде.

Рақымшылыққа іліккен өзге адамдардың аты-жөні жарияланған жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер