Журфак түлегі. Украина Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады

802
Adyrna.kz Telegram

Украина президенті Владимир Зеленский Виктор Майконы Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елші етіп тағайындады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Виктор Анатольевич Майко 1960 жылы Украинадағы Днепропетровск қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Тарас Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 1999 жылы Украина сыртқы сауда академиясында экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған.

Еңбек жолын журналист ретінде бастаған Майко 1982 жылы Киевтегі Антонов атындағы ұшақ зауытының «Знамя соревнования» газетінде тілші болып жұмыс істеді. 1989 жылы Украина Сыртқы істер министрлігі жанындағы басшылық кадрларды қайта даярлау институтына ғылыми редактор болып қабылданды.

Дипломатиялық қызметін 1994 жылы бастаған ол Украинаның Ұлыбритания мен Ирландиядағы елшілігінің сауда-экономикалық миссиясында бес жыл қызмет атқарды. 2005-2010 жылдары Украинаның Түркіменстан мен Ауғанстандағы елшісі болып тағайындалды. 2010-2014 жылдары Украина сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылы қайтадан Украинаның Түркіменстандағы елшісі болып тағайындалды.

Майконың алдындағы елші Петр Врублевский 2022 жылы даулы сұхбатынан кейін қызметінен босатылған болатын. Осы жағдайдан кейін Қазақстан мен Украина тараптары жаңа елші тағайындау мәселесін талқылап, нәтижесінде Виктор Майко бұл лауазымға бекітілді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер