Қазақ студенттері Қытай кәсіпорындарында тәжірибеден өтеді

1104
Adyrna.kz Telegram

Қытайдың Шыңжаң аймағындағы еркін сауда аймағының Хоргос учаскесі Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінен алғашқы тәжірибеден өтушілер тобын қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Үш ай бойы бұл колледждің 30 студенті жергілікті бірнеше кәсіпорында кәсіби біліктіліктерін жетілдіреді.

Шыңжаңға (Солтүстік-Батыс Қытай) келмес бұрын тәжірибеден өтушілер арнайы дайындық курсынан өткен. Олар қытай тілінде жақсы қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеріп, трансшекаралық электронды сауда мен халықаралық коммерция салаларында базалық кәсіби білімге ие.

Тәжірибе барысында қазақстандық студенттер трансшекаралық электронды сауда мен цифрлық маркетингке қатысты жұмыстарда тәжірибе жинайды. Олар нақты өндірістік жағдайлармен танысып, қытайлық кәсіпорындардың шетелдік нарыққа шығу сұранысын жан-жақты зерттейді. Әрбір студентке кәсіпорындарда арнайы тәлімгер тағайындалады.

Хоргос еркін сауда аймағының жоспарына сәйкес, тәжірибе барысында ерекше көзге түскен шетелдік студенттер тәжірибеден өткен кәсіпорындарда жұмысқа қалу мүмкіндігіне ие болады. Бұл оларға оқу орнын бітіре салысымен жұмысқа орналасуға жол ашады.

"Бұл – халықаралық кәсіби білім беру саласындағы жаңа бастамамыз. Ол «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдер үшін жан-жақты қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған", – деді Хоргос экономикалық даму ауданының өкілі Ян Чуньмэй.

Оның айтуынша, болашақта Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының қатысуымен "Бір белдеу, бір жол" кәсіби білім беру альянсын құру жоспарланып отыр. Бұл альянс оқытушылардың өзара сапарларына, бірлескен оқу бағдарламаларын әзірлеуге және академиялық алмасуларды жүзеге асыруға арналған тұрақты платформа болмақ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Чикаго опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер