БОДАН ӘДЕБИЕТ: ОРТАҚТЫҚ ПЕН ЕРЕКШЕЛІК

3537
Adyrna.kz Telegram

Жалпы қазақ әдебиеті сан салалы, көп тараулы. Яғни қазақ басынан өткен барлық тарих, кезең, бұрылыс, ойпаң тұстардың бәрі ел әдебиеті басынан көрініс тапты. Өкінішке орай, қазақтың азат кезінен, бұғаулы, байлаулы уақыты көп болды. Осының бәрі әдебиетте өз қолтаңбасын қалтырды.

Орхон-Енесей жазбаларындағы табғаш атты өзге жұрт, өзегі бөлек мемлекетке қарсы айтылған қаһарлы да қаралы сөздер соның айғағы. Жазба тек тарихи оқиғалар тізбегі емес әдеби туынды да. Демек бодан әдебиеттің алғашқы сілемдері атанған жазбалардан әрі біз білмес кезеңнен басталуы мүмкін. Қытай билеушілерін, жаулап алушыларды мадақтаған кез келген туынды бодан әдебиетке қатысты, сол ағымның шартына толар шығарма. Айтқан сөздерімізді қорыта келіп айтарымыз бодан әдебиет деп ұлт мүддесіне қарсы, ұлтшылдықтан ада жат жұртты мадақтар, иіп әкеліп жаулап алушы жұрттың өнерін, білімін, өркениеттілігін артық қоя отырып, өзінікін көзге шұқыр әдебиетті айтамыз.

Өз ішінен бодан әдебиет екіге бөлінеді.  Қарсылықты немесе келісімпаз.

Қарсылықты ағым өз елінің қаһарманын суреттеп, соны мадақтап өткен күнін аңсай жазылса, келісімпаз бағыт жат жұрт өкілін айта отырып, шым-шымдап енгізіп, ел санасына сіңіріп өз қандасын тұқыртып, ұлттық идеологияны езіп жаншып басқаны ой төріне шығарады. Бұған дейін қазақ әдебиеті тарихы орыстық-батыстық ғалымдар күшімен жазылып келгендіктен бодан әдебиет мәселесі көтерілген жоқ. Қазақ жұрты 300 жыл бодан болғандықтан әдебиетте «қызыл тіл кісендеулі» күй кешті. Бодандық әдебиет тек қазақ басындағы хал десек қателесеміз. Бұл әсіресе Еуропа мемлекеттерінде бой көрсетті. Қазақты ұзақ ғасырлар уысында ұстаған, улаған батыстық, орыстық ақпараттық идеологияны түсіну үшін (бұл бүгінде жалғасуда) тамұқ төрі, жан жүрегінен сөз бастауды жөн көрдік.

Батыста тұрып батыс соққысын көп көрген поляк әдебиеті болды. Өз кезінде соншалық әлді, сөзі мен ісі ірі Речь Посполитая әсіресе жариялықтан, демократияшылдықтан қан құшты. Речь Посполитая сейм арқылы басқарылды. Сеймде восводалар ел тағдырын шешетін. Бірақ бір ғана восводаның ветосы (латынның қарсымын сөзі) бүкіл мемлекеттің келешегіне балта шапты. Тек бір «Сейм елшісі» восвода вето жарияласа, еш шешім қабылданбады. 1652 жылдан бастап 1764 жыл арасында 55 сеймнің 48-бос шақырылды. Ұлы жиын рәсуаға ұшырады. Шетелдің ақшасына сатылған бір шляхтич арқылы жат жұрт жат ойын жүзеге асыра алды. Польша билігіне кездейсоқ адамдар осы халыққа қатысы жоқ бейотан, бейтаныс жандар келді. Көңілі бөлек кездейсоқ жандар кесімсіз келіп, көңілсіз кетіп жатты. 1574 жылы Генрих Валуа Краковадан түнде, өзін сайлаушыларын таңқалдыра қашып кетті. Батыс-орыс тарихшылары айтып жүргендей Польшаға Түркия шабуыл жасаған жоқ. Еуропаны түріктер езіп-жаншыды деген миф, негізгі әңгімені ары әкету, шырға шақ салу, адастыру болатын. Жалған Дмитрийді дүниеге әкелген Речь Посполитая ісін ұмытпаған Ресей Украинаның азат ұлы Мазепаны құрта отырып ақшаның, сатқындықтың көрінісі Богдан Хмельницкийдің күшімен Украинаны бөліп әкетті. Белорусияны бауырына алды. Польшаға қарсы Еуропаның жаңа күші жас перісі шведтер аттанды. 1661 жылы үштен бірі қырылған поляктар Олив келісім шартына бұған дейін болмаған контрибуциямен Польша өзіне пайдасыз түрде қол қойды. 1668 жылы тағы да тізерлей тұрып жерінің мол бөлігін бере отырып Ресеймен «мәңгілік бейбітшілікке» келісті екі халықтың сорына орай әсіресе, поляктар қасіретіне озбыр мінез, тарпаң туыс Орыс мемлекеті Польшаға көңіл беріп, жүрек мұзын жібіткен емес. Оған Наполеонды қайтарған ІІ Александр ісі, бірінші жаһан соғысындағы қырылған поляктар, екінші жаһан соғысындағы ұлт зиялыларынан айырылған Кеңес өкіметі Польшаның бар жақсысы қанына қол жуған кезде істің жайы белгілі болған.

Кеше 2010 жылы Лев Качиньски басқарған Польша өкіметі бүтіндей қырылып қалғанда да осыған көз жетті. Польшаны жаулап алған «еуропалықтар» қылыштың ұшын тәнге, әдебиетін жанға күштеп енгізді. 1594 жылы «Энеида», 1614 жылы Вергелийдің «Георгиниі», 1618 жылы Тассоның «Азат етілген Ирусалимі», 1638 жылы Овидийдің «Метаморфозасы» поляк тіліне аударылды. Осы тізім ішіне Сенеканың «Ипполитасы», Корнелдің «Сидасы», Лукиан мен Расин шығармалары енді. Польша әдебиетінде бұған дейін болмаған құбылыс көрінді. Қазақ әдебиетіндегі Ш. Уалиханов, С.Ерубаев, О.Сүлейменов секілді таза латын тілінде жазатын Сарбевский бастаған бір топ бабы басқа бағыт, бағыты бөлек поляк деп аталатын бөгде жолды таңдаған жандар жалау тікті, желкен көтерді. 1627 жылы католик шіркеуіне жақпаған жаулаушылар ұнатпаған кітаптар жұрт алдында поляк тілді шығармалар өртелді.

Бұған дейін адамдар өртеген батыс, енді ой өзегі әдеби туындыларды отқа жақты. Фашистердің осы әдеті, кеше яғни 2010 жылы Америкада қасиетті Алла кітабы «Құранды» отқа жағумен жалғасуда. Ақын және баспагер Ян Гербурт «Қазір иезуит ақыл береді, иезуит соттайды, қолшоқпарлар арқылы басқарады, соған қарамастан қулықпен арамдықпен көрінбей, ақымақ істерге кіріспейді» деп күңірене жазды. (Людвич Кондратович. История польской литературы. Том ІІ, Москва....

Жалғасы бар

Серік ЕЛІКБАЙ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер