Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында жұппен мәнерлеп сырғанау жарысы өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл жарысқа 6 жұп қатысқан. Нәтижесінде қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша өзбекстандық дуэт - Екатерина Гейнич пен Дмитрий Чигирев 64,55 балл жинап, бірінші болды.
Еркін бағдарламада өзбекстандықтар екінші болды (111, 88), бұл сында Солтүстік Корея жұбы алға шығып кетті (112,20). Алайда қорытынды бойынша өзбекстандық спортшылар топ жарды.
Бұл - Өзбекстанның 2025 жылғы Азиададағы және мәнерлеп сырғанаудағы алғашқы алтыны. Жергілікті БАҚ мәліметінше, соңғы рет Азия ойындарының алтынын 1999 жылы алғаны белгілі болды.