Тарихи жеңіс. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Әлем чемпионатында күміс медаль алды

446
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2025 жылы Бостонда өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Жарыстың соңғы бағдарламасы – еркін бағдарламада ерлер арасындағы жеке сырғанаушылар өнер көрсетті. Қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров үшінші орында тұрды, ал екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша өз нәтижесін жақсартып, жоғары көтерілді.

Еркін бағдарламада қазақстандық спортшы 192,70 ұпай жинап, бұл оның жеке рекорды болды. Сондай-ақ, жалпы есептегі көрсеткішін жаңартып, 287,47 ұпайға қол жеткізді.

Бұл нәтиже 20 жастағы Шайдоровқа әлем чемпионатында алғаш рет күміс медаль жеңіп алуға мүмкіндік берді. Ол тек америкалық Илья Малининге (318,56) жол берді. Үшінші орынды жапониялық Юма Кагияма (278,19) иеленді.

Осы жетістігінің арқасында Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға жолдама алды. Бұған дейін лицензияны әйелдер арасындағы жарыста 14-орын алған Софья Самоделкина да иеленген болатын.

Шайдоров әлем чемпионатының тұғырынан көрінген Қазақстан тарихындағы үшінші мәнерлеп сырғанаушы атанды. Бұған дейін бұл жетістікке Денис Тен (2013 жылы күміс, 2015 жылы қола) және Элизабет Тұрсынбаева (2019 жылы күміс) жеткен еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер