Депутат Өзбекстанда тек өзбек тілін қолдану туралы заң шығаруды ұсынды

1805
Adyrna.kz Telegram
Фото: uzdaily.uz
Фото: uzdaily.uz

Өзбекстанның «Миллий тикланиш» (Ұлттық жаңғыру) партиясының жетекшісі Алишер Қадыров елдегі барлық сыртқы жарнамалар мен жазуларды мемлекеттік тілде, яғни өзбек тілінде жазу қажеттігін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Ташкенттен басталған барлық қаладағы сыртқы жарнамалар, хабарламалар мен көрсеткіштер басқа тілдерде, тіпті басқа алфавиттермен жазылғаны көп жағдайда байқалады. Бұл — үлкен мәселе», - деп атап өтті саясаткер.

Депутаттың айтуынша, жарнамалар мен көрсеткіштер тек өзбек тілінде болуы тиіс, ал қажет болған жағдайда оларды басқа тілдермен қоса жазуға болады.

Ол «Миллий тикланиш» партиясы «Сыртқы жазулар туралы» заң жобасы бойынша жұмыс бастағанын айтты. Оның пікірінше, өзбек тіліне деген көзқарас түбегейлі өзгеруі керек.

«Әсіресе кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар өзбек тілін құрметтеп, заңды сақтаудың үлгісін көрсетуі тиіс. Қоғам да осы мәселеде принципті болуы қажет», — деді Қадыров.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер