Қазақ палуаны 3 дүркін Азия чемпионы атанды

1419
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/photo-output-43-960x500.jpeg?token=b41fc19645839c8de2ba65818d5fc9c8

Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті. Бұл туралы 30 наурызда Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақта Қырғызстан спортшысы Орозбек Токтомамбетовпен кездесті. Нәтижесінде Нұрқожа Қайпанов 2:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, отандасымыз өткен жылы олимпиадалық емес салмақта (70 келі) әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ, бұған дейін Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) екінші орын алса, Рахат Қалжан (57 келіге дейін) қола медаль иеленген еді.

Комментарии