Жәнібек Әлімханұлы Астанадағы жекпе-жекте қарсыласын нокаутпен жеңді

1002
Adyrna.kz Telegram

Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Астанада өткен бокс кешінде IBF рейтингіндегі 7-орындағы француз Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бірінші раундтың соңында қазақстандық чемпионың жойқын соққысы дәл тиіп, қарсыласы еденге құлады. Төреші нокдаунды есептеді.  Содан кейін раундтың аяқталғанын білдіретін гонг соғылды.

Үшінші раундқа қарай рингтегі жағдай теңесіп, Нгамиссенге бірнеше қауіпті қарымта шабуылдар жасады.

Алайда бесінші раундта жеңіліс көрмегенқазақстандық чемпион Әлімханұлы қарсыласын түбегейлі нокаутқа жіберді. Бұл жеңіс боксшының кәсіпқой мансабындағы 17-ші жеңісі болды.

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті.

Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер