"Автобус еденін жууға мәжбүрлеген". Әлеуметтік желіде тараған ақпарат расталмады

1181
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ақтөбеде оқушының автобус еденін жууға мәжбүр болғаны туралы ақпарат расталмады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерде №19 бағыттағы автобустың жүргізушісі билетсіз жүрген оқушыны салонды тазалауға мәжбүрлегені жөнінде ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылып, полиция тергеу жүргізді. Алайда тексеру нәтижесінде мұндай фактілердің расталмағаны белгілі болды.

"Ақтөбе қаласындағы № 19 бағыттағы автобустар "Автопарк" ЖШС-не тиесілі. Полиция осы шағым бойынша маршруттың жүргізушілеріне қатысты мұқият тергеу жүргізді. Тексеру нәтижесінде оқушының еден жууға мәжбүр болғандығы туралы ақпарат расталмады. Бұл ақпарат жалған. Автобус жүргізушілерінің міндеті — жолаушыны белгіленген аялдамаға қауіпсіз жеткізу", – деді Ақарыс Тілеулесов.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураның араласуын талап еткен еді. Бірақ жүргізілген тергеу бұл ақпараттың негізсіз екенін көрсетті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер