Алматыда бес мың адам Абай әндерін орындады

448
Adyrna.kz Telegram
Фото: orda kz
Фото: orda kz

Алматыда Наурыз мейрамы аясында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ерекше мәдени шара өтті. Қала әкімдігінің мәліметінше, 5000-нан астам адам Абайдың әйгілі «Көзімнің қарасы» мен «Желсіз түнде жарық ай» әндерін бір уақытта орындап, қазақтың ұлы ақынының мұрасын ұлықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шара Абай даңғылы бойында ұйымдастырылды. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының әртістері, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының музыканттары, белгілі әншілер, қала тұрғындары мен қонақтары ұлы ақынның әндерін бір мезетте шырқады.

10:00-де Алматы аспанында әуезді ән қалықтап, қаладағы мерекелік көңіл-күйді одан әрі арттырды. Бұл шара Абай мұрасын жаңғырту, дәріптеу және болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шара Республика сарайы алдындағы сахнада жалғасты. Театр әртістері «Жаңа ғасыр» спектаклін қойып, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері ұлттық мәдениетті дәріптейтін ерекше қойылымдар ұсынды.

Кешке Steppe Sons, Tumar ансамблі, Ұлы Дала қыздары, Жұмыр Қылыш, ILIGAI ансамблі, МузАрт Life, Aldaspan топтары және Жәмилә Серкебаева, Бибігүл Қылымхан, Диас Мұратхан, Сандуғаш Стамғазиева, Тілек Базаров, Марал Анарбек, Қайратбек Бектұрсын сынды әншілер өнер көрсетті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер