Станислав Черчесов Наурыз мерекесімен қазақша құттықтады

396
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльс және Лихтенштейн құрамаларымен өтетін маңызды матчтар алдында футболшыларға қолдау білдіріп, қазақстандық жанкүйерлерді Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Қазақстан құрамасына алдағы іріктеу матчтарында сәттілік тілеймін! Өткен жылғы тәжірибеміз бен жаңа жаттықтырушылар штабының көзқарасы командаға жақсы нәтиже көрсетуге көмектеседі деп сенемін. Сонымен қатар, осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық қазақстандық футбол жанкүйерлерін Наурыз мерекесімен және көктемнің келуімен құттықтаймын! Баршаңызға қуаныш пен жарқын сәттер тілеймін!” – деп жазды Черчесов өз әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазақстан ұлттық құрамасы 22 наурыздан 23 наурызға қараған түні, сағат 00:45-те Кардиффте Уэльспен кездеседі. Бұл ойын 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі маңызды матчтардың бірі болмақ.

Еске салайық, Станислав Черчесов 2024 жылдың шілде айында Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалған болатын. Алайда ол журналистердің қазақ тілінде қойған сұрағына жауап бере алмай, “Сен французша сөйлеп тұрсың ба?” деп әзілдеген еді. Осы әрекеті үшін Қазақстан футбол федерациясы оған мемлекеттік тілдің маңызын түсіндіріп, 200 АЕК (738 400 теңге) көлемінде айыппұл салған.

Черчесов қазақ тілін үйренуі екіталай екенін айтқанымен, қажет сөздерді білетінін атап өткен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер