Қуандық Бишімбаев сотқа талап-арыз түсірді. Бұған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі тарапынан оған көтермелеу берілмеуі себеп болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жазаны өтеу тәртібін бұзған сотталғандарға көтермелеу шаралары қолданылмайды.
"Аталған сотталғанның бір тәртіп бұзушылығы болғанын ескере отырып, оған көтермелеу шарасы қолданылған жоқ. Оның талап-арызы сотта қанағаттандырылмады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Алайда, Бишімбаевтың қандай тәртіп бұзғаны туралы ақпарат берілген жоқ.
Еске сала кетейік, былтыр 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталған болатын. Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
2023 жылдың 12 қарашасында Бишімбаев колониядан сотқа ұялы телефон арқылы қосылған болатын.