Тұншықтырған. Қандыағаштағы оқиғаға қатысты дәрігерлер мәлімдеме жасады

485
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында болған жан түршігерлік оқиғаға қатысты дәрігерлер  мәлімет берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл оқиғада әйел өзінің екі кішкентай баласын өлтірді деген күдікке ілінген еді.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем тобы оқиға орнына жеткен кезде балаларда тіршілік белгілері болмаған.

"Жедел жәрдем бригадасы көрсетілген мекенжайға сағат 13:25-те жетті. Дәрігерлер келген сәтте балалардың екеуі де қайтыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оларды тұншықтырған. Денелерінде асфиксия белгілері болған", – деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ, басқарма деректеріне сүйенсек, қаза тапқан балалардың анасы Қандыағаш қаласына Атырау облысынан 14 наурыз күні ата-анасына қонаққа келген.

Ресми расталмаған ақпаратқа сәйкес, әйел өз балаларын жастықпен тұншықтырған.

Еске сала кетейік, 23 наурызда Қандыағаш қаласындағы үйлердің бірінде үш жастағы және  11 айлық балалардың өлі денесі табылған еді. Оларды өлтірген күдікті ретінде аналары ұсталған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер