Кеңес кезінен қалған қабырға. СҚО-да 12 жастағы бала бетон плитаның астында қалып, қаза тапты

467
Adyrna.kz Telegram
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

21 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданына қарасты Қайрат ауылында бетон плитаның құлауы салдарынан 12 жастағы бала қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Марқұмның отбасы бұрынғы кеңшардың МТМ ғимаратында мал ұстаған. Сол жерде жүрген бала құлаған қабырғаның астында қалған. Ауыр бетон плитасын тек трактордың көмегімен көтеруге мүмкіндік болған.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті де қайғылы оқиғаны растады. Алайда олардың ақпаратына сәйкес, төтенше жағдай жекеменшік үйдің ауласында орын алған.

"21 наурыз күні сағат 19:35 шамасында Уәлиханов ауданы Қайрат ауылында жекеменшік үйдің ауласында сарай қабырғасының құлауы салдарынан 12 жастағы бала көз жұмды. Ол алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында жан тәсілім етті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайрат ауылында Кеңес Одағы дәуірінде салынған, қазіргі уақытта иесіз қалған және жартылай қираған бірнеше ғимарат бар. Жергілікті тұрғындар мұндай қайғылы жағдайлардың қайталану қаупі бар екенін айтып, алаңдаушылық білдірді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер