Каспий теңізі үстінде апаттық белгі берген Дубай — Мәскеу бағытындағы Boeing 737 жолаушылар ұшағы ұшуды тоқтатқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап.
DP992 рейсін орындаған Boeing 737 ұшағы жүк бөліміндегі өрт датчигінің іске қосылуына байланысты апаттық сигнал берген. Ұшақ Астрахань қаласына қонды.
Ұшқыш сәтті қонып, жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ.
Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында Ақтау маңында ұшақ құлап, қайғылы жағдай болған.