Ақтаудағы ұшақ апаты. Айдан асқанда не анықталды, аман қалғандардың ахуалы қалай?

1986
Adyrna.kz Telegram

Ақтау  маңында Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясына тиесілі Бакудан Грозныйға бағытталған Embraer-190 ұшағының апатқа ұшырағанына бір айдан асты. Қайғылы оқиға 2024 жылы 25 желтоқсан күні болған еді. Содан бері не белгілі, не анықталды? 

Бұл трагедияның салдарынан ұшақтың капитаны Игорь Кшнякин, екінші пилот Александр Кальянинов және аға бортсерік Хәкима Әлиевамен қатар 38 адам қаза тапқан болатын. Оларға Әзірбайжанның ұлттық қаһарманы атағы берілді.

Келесі күні, 2024 жылдың 26 желтоқсанында, бастапқы мәлімет бойынша ұшақ Ресейдің «Панцирь-С1» әуе қорғаныс жүйесі арқылы атып түсірілгенін хабарланған болатын. Кейінірек Ресей тарапы трагедияның себептерін бұлыңғырлатуға тырысып, түрлі болжамдар ұсынды.

Caliber.аz басылымы мәлімдегендей, содан беріде ұшақты атып түсірген орындаушы және бұған бұйрық берген офицер анықталды. Сонымен қатар, ұшақтың Ресейдің «Панцирь-С1» әуе қорғаныс жүйесімен атып түсірілгені туралы деректер расталды. Сондай-ақ, ұшаққа соққы бермес бұрын оның бортында радиоэлектронды күрес құралдары қолданылғаны, бұл навигациялық жүйелердің істен шығуына және ұшақтың басқаруын қиындатуына себеп болғаны да белгілі болды.

Осы апаттың себептерін анықтау үшін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің жарлығымен арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Жарлыққа сәйкес, мемлекеттік мекемелер, соның ішінде денсаулық сақтау министрлігі мен медициналық аумақтық бөлімшелерді басқару қауымдастығы (ТӘВІВ) қажетті шараларды қабылдау үшін тапсырмалар алды.

АМАН ҚАЛҒАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ? 

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, апаттан жарақат алған азаматтарды елге қайтару және олардың емделуі үшін қажетті жағдайлар жасалды. Өткен аптадағы мәлімет бойынша «Ени клиникасына» жеткізілген 17 адамнан төртеуі реанимация бөлімінде, ал 13-і стационарда емделуде. Пациенттердің көпшілігінің денесінде сынықтар, көгерулер, бас-ми жарақаты, кеуде қуысының соққы жарақаты, екі жақты пневмогемоторакс, тыныс алу жеткіліксіздігі сияқты түрлі жарақаттар бар.

Әрбір науқас тиісті дәрігерлердің (ортопед-травматолог, нейрохирург, реаниматолог, торакальды хирург, жалпы хирург, инфекционист) бақылауымен тексеріліп, қажетті диагностикалық зерттеулер жүргізілді. Жалпы, 17 науқастың 12-сі амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне шығарылды. Олардың жағдайын бақылау үшін учаскелік дәрігерлер тағайындалды. Үш науқасқа операция жасалды, ал қазір 4 адам (1 ер адам және 3 әйел) стационарда емделуде. Олардың бірі реанимация бөлімінде, қалған үшеуі стационарлық емде жалғасуда. Бір науқастың жағдайы ауыр деп бағаланса, қалғандары қанағаттанарлық деңгейде делінеді.

Айта кетейік, аталған ұшақтан алынған қара жәшіктердің Бразилиядан жеткізілген деректерін зерттеуге кіріскенін 15 қаңтарда хабарлаған

"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссиясы ИКАО-ның 13-қосымшасындағы стандарттар мен ұсынылған тәжірибеге сәйкес барлық фактілер мен материалдарды егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін алдын ала есеп жариялайды. Бұл есепте нақты анықталған ақпарат және тергеу барысы туралы мәліметтер көрсетіледі. Қазақстанға жеткізілген борттық жазғыштардың шифры шешілген деректері де мамандар тарапынан зерттелуде", - деп хабарлаған сонда Қазақстан Көлік министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін  шифрын анықтауға міндеттелген Бразилияда бұл жұмыс 7 қаңтарда аяқталғаны белгілі болған. Сол кезде қара жәшіктің екі жазғышынан алынған тиісті ақпарат Қазақстан билігіне жіберілгені хабарланды.

Ал Қазақстанның вице-премьері Қанат Бозымбаев өткен аптада брифинг барысында Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апаты бойынша алдын ала тергеу қорытындылары осы аптада жарияланатынын айтқан еді.

Еске сала кетейік, болжам бойынша, Грозный әуе кеңістігінде ұшақ ресейлік әуе қорғаныс жүйесінің шабуылына ұшырағаннан кейін бағытын өзгертуге мәжбүр болған, осылайша Қазақстанға жетіп апатқа ұшыраған. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев апатқа Ресей өкілдері кінәлі деп мәлімдеп, Мәскеу өтемақы төлеуі керек деген талап қойды.

Кейін Ресей президенті Владимир Путин Әлиевке ұшақ «Ресейдің әуе кеңістігінде апатқа ұшырағаны үшін» кешірім сұрады. Ресей билігі Әзербайжан ұшағы Грозныйға қонбақ болған кезде украиналық дрондарға байланысты қала төбесінде әуе қорғаныс жүйесі іске қосылып тұрғанын мойындаған.

Кейін Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауының тергеу қорытындыларын күтіп отырғанда Ресей тарапы кінәлілерді жазалаудан гөрі, мәселені мағынасыз таласқа бұруға тырысқанын хабарладық

Аталған даудың басы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың «қара жәшіктерден» алынған деректер «медиа кеңістікте тараған ақпаратты растамайды» деген мәлімдемесінен басталған болатын. Ал Қазақстан вице-премьері Қанат Бозымбаев шынайы деректің таралып кеткен мәліметтен айырмасы барын айтқан. Оның айтуынша, Бразилияда ашылып оқылған қара жәшік мәліметтері зерттеліп, осы аптада алдын-ала қортындысы жариялануы мүмкін.  

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер