Бұл кісінің сөзінің бәрі - дұрыс, бірақ одан ешқандай нәтиже шықпайды, себебі ақыл айту, жөн сілтеу мәнінде қалып қояды.
Мысалы, қараңыз - Толстойдың моралінен, Чеховтың эстетикасынан, Достоевскийдің рух денін қазбалауынан орыс халқының қасиеті артты ма?
Қоғамы қалыптасты ма?
Өркениетті ел ретінде, адамшылық қатарына қосылды ма?
Жоқ!
Қазақтың да тарихи болашағы - сол.
Халық, өз мәдениетін философиялық жолмен ойластырып, оны тамырынан бастап қайта қалыптастырмай, оңбайды.
Бүгін Әбдік айтар.
Ертең тағы бір ақылшы шығар.
Бірақ ол сөз халық санасына жетпейді.
Көңіліне тиер-тимес, бірақ ақыл-есін түзете алмайды.
Ал, біздің халықтық мәселеміз – сол ақыл-есте, яғни дүниеге көзқарасымызда, в мировоззрении в широком смысле слова.
Сол көзқарасты өзгертпей, қазақтың рухы қозғалмайды.
Ол өзгерісті Возрождение дәуірімен ұқсатасыздар ма, деконструкция дейсіздер ме, өз қалауларыңыз.
Сол керек бізге.
Орыстар өз өткенін айтқанда, русское Просвещение деп, Фонвизиннен бастап, бірнәрсе айтқан болады.
Бірақ крепоснойлық болған орыс қоғамы крепосной күйінде қалды.
Сол сияқты, бай-шонжардың артынан итше ілескен біздің халық, сол әдетімен жүр.
Адамдық қасиет (dignity) қазақтың бойына біткен жоқ әлі.
Демек, қоғам да жоқ;
“Қоғам” құрған көпте де адами қасиет жоқ.
Сондықтан, айт-айтпа, бұл халықты, бүгінгі ауру мінезінен айықтыра алмайсың.
Seitkassym Aouelbekov