Өз-өзіне қол жұмсаған. Жамбыл облысында 15 жастағы баланың мәйіті табылды

254
Adyrna.kz Telegram
фото: Оркен-Media
фото: Оркен-Media

Жамбыл облысында 15 жастағы мектеп оқушысының денесі үйінің жанындағы сарайдан табылды. Қайғылы жағдай Көкбастау ауылында болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша ҚР ҚК 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Оқиға орнында жедел-тергеу тобы, прокуратура қызметкерлері, білім басқармасының өкілдері, психологтар және Жамбыл облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеп жатыр. Оқиғаны жан-жақты, объективті және толық тергеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады полиция.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Пікірлер