Ресей Черчесовтың қазақ тіліне қатысты даулы жағдайына баға берді

196
Adyrna.kz Telegram
Фото: meta-ratings.kz
Фото: meta-ratings.kz

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың даулы жағдайы ресейлік «Мяч Production» YouTube арнасы ұсынған 2024 жылдың футболдағы ең сәтсіз оқиғаларының үздік ондығының тоғызыншы орнына ие болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Offside.kz-ке сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттар лигасы аясында Словениямен өткен мачтан кейінгі баспасөз конференциясында журналист Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған еді. Алайда бас бапкер «Сен қай тілде сөйлеп тұрсың – французша ма?» деп әзілдеген сыңай танытты.

Бұл пікір футбол шеңберінен асып, үлкен қоғамдық резонанс туғызды. Оқиға әлеуметтік желілерде, БАҚ-та және тіпті Қазақстан Парламентінің Мәжілісінде қызу талқыланды.

Қазақстан Республикасына жұмыс істеуге келгендер қазақ тілін құрметтеу керектігі айтылып, бапкерге айыппұл салынды.

 

Пікірлер