Түркістан облысынан жасырын алкоголь цехтары анықталды

1121
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Түркістан облысында белгілі арақ брендтерін қолдан жасаған үш ірі жасырын цех анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы аймақ прокуратурасына сілтеме жасап.

Қадағалау органы мәліметінше, экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүргізілген арнайы шаралардың нәтижесінде Келес, Төлеби аудандарында және Түркістан қаласында үш ірі жасырын цех анықталып, жойылған.

«Нәтижесінде 31 920 қымбат бағалы бөтелке жалған алкоголь тәркіленді. Заңсыз өнімнің нарықтық құны 170 миллион теңгеден асады», – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 233-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер